Год молодежи-2019

«Тәуелсіздік – ел тірегі мен жүрегі» поэзия кеші өтті

Семейдегі облыстық Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Тәуелсіздік – ел тірегі мен жүрегі» поэзия кеші өтті.

Кешке Семей медициналық университеті мен «Семей» медициналық колледжінің студент жастары қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналды. Кітапхана қызметкерлері жастарға тәуелсіздік алғаннан кейінгі егемен Қазақстанның қалыптасу тарихы және еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі өзгерістермен таныстырды.

Іс-шара барысында Семей медициналық университетіндегі «Абайтану» клубының мүшесі Нұркен Нұғыман және оқушы Нұрислам Еңсеновтер қазақстандық авторлардың белгілі өлеңдерін оқыды. Шәкәрім универсиетінің Д. Бабатайұлы атындағы жас ақындар клубының мүшелері тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқыды.

Кеш барысында «Семей» медициналық колледжінің студенті Диас Сайлаубек «Көк тудың желбірегені» әнін орындаса, медицина университет студенті Жәнібек Жардемовтың «Батырлар ұраны» әндерін орындады. Студенттер «Көңіл толқыны», «Құс қайыру» күйлерін орындады. «Семей» медициналық колледжінің студенті Кеңесқали Тоғжан «Түрік биін» биледі.

Шара барысында «Ел Тәуелсіздігі – шежіредегі жол» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұсынылған кітаптардың ішінде, Н. Назарбаев «Эра независимости», «Древо Независимости: от истоков к процветанию», «Желтоқсан көтерілісі» және тағы басқа да кітаптары бар. Кешке жиналғандар Абай кітапханасының қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Раушан Қабжанқызы