• 19 апреля, 2024

Кәсіпкерлік жастар үшін тың бағыт

Дек 17, 2019

Айдын Серікқазин Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында 1998 мамырдың 26 жұлдызында дүние келген. Қарауылда мектепті тәмамдаған соң, 2019 жылы Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжін оқып бітіреді. Мамандығы техник-бағдарламалаушы.

-Бала кезімнен жылқыға құмар болып өскеннен кейін «осы бие сүтінен неге бір басқа жаңа бір өнім алмасқа» деген ой келіп, жаңа өнім шығаруға бел байладым,-дейді Айдын Серікқазыұлы,-жан-жақты ізденіп қарастырдым. Қазақтың ұлттық сусыны шет елдерде, мысалы Қырғызстан елінде, әсіресе қымыздан жасалған балмұздақ брендте екен. Содан менде мынандай бір ой туындады: неге қазақтың ұлттық сусынынан жасалған өнімдерді өзіміздің нарықта шығармасқа? Неге біз өзіміздің ұлттық сусынымыздан жасалған өнімдерді бүкіл әлемге көрсетпеске? Осылайша, алдыма мақсат қойып, аңа жобамды бастауды жөн көрдім. Сол себепті ұлттық сусынымызды әлемдік деңгейге көтерсем деген алдыма мақсат қойып осы жобамды бастау үшін «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы мемлекеттік грантқа қатыстым.

Айдын Серікқазин жұмысын бастауға мемлекеттік грантқа ие болады. Грант қаражаты арқылы балмұздақ өндірісіне заманауи құрал-жабдықтар алып, келесі жылы жобасын дамыта түспек.

-Қазіргі таңда өзім құрамын ойлап тапқан балмұздағымның әзірге 2 түрі бар, біріншісі қымыздан жасалған, екіншісі, саумалдан жасалған, — дейді Айдын Серікқазин, — ең әуелі отбасыма дәмін көрсетіп бағасын алдым. Әкем Нұрсейт Серікқазы, анам Қарлығаш Кәрімғожақызы бұл жобамды бастауға бірден қолдау көрсететінін айтты. Қаражат жағына келетін болсам бес жүз мың теңгенің айналасындағы грантқа қалалық қорғаудан өтіп, одан облыстық қорғауға жолдама алдым. Тамыз айының 20 жұлдызында қаражат,грант жағы белгілі болды. Кез келген адам белгілі бір бизнеспен айналысам десе менің ойымша 100 мың теңгеменде бастап кете алады деп ойлаймын. Сол себепті 500 мың теңге мен бастайтын жобамның тек заманауи құрал жабдықтар сатып алуға ғана жеткілікті. Жобама қызығушылық танытқандар жетерлік десемде болады. Бұндай ұлттық сусынымыздан жасалған балмұздақ ШҚО да және де Бүкіл Қазақстаннымызда жоқтың қасы, жоқ деуге де болады.

Жас кәсіпкер Айдын Серікқазиннің болашақта алдына қойған басты мақсаты қазақтың ұлттық сусынын әлемдік деңгейге көтеру,бүкіл әлемге паш ету. Және сол сияқты қымыздан жасалған басқа да жаңа өнімдер шығаруды жолға қойғысы келеді. Жақында Семей қаласында өткен жастар форумында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Айдынның ұсынған балмұздағының дәмін көріп, кәсіпкер жасқа ақ жол тіледі. Сапалы балмұздақ қазірден-ақ, талғамы жоғары тұтынушылардың көңілінен шығып жатыр.

Раушан Қабжанқызы