Атырау қаласында дзюдодан 1999 – 2001 жылдары туған жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты аяқталды. 2 наурыз күні басталған ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан 500-ге жуық дзюдошы қатысқан болатын.
2 алтын, 1 күміс, 7 қола жүлде иеленген Шығыс Қазақстан облысының жастар құрамасы үздік үштікті қорытындылады.
Үш күнге созылған жарыста Алматы қаласының құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен медаль кестесінде көш бастады. Ал Атырау облысының дзюдошылары 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдемен екінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының құрама командасының сапында Семей спорт академиясының 11 шәкірті бақ сынаса, оның төртеуі қола, беруі алтыннан медль тақты. Семей спорт академиясының шәкірті Есентай Имаханов (60 кг), Дастан Шаяхметов (66 кг), Жанасыл Әнуаров (73 кг) 3 орын, Зарина Сарипова (63 кг) қоладан медаль тақса тақса, Қуандық Стамполов 90 келі салмақта чемпион атанды.
Семей спорт академиясының баспасөз қызметі