• 21 декабря, 2024

Семей қаласында Pecha Kucha форматында іс-шара өтті

Ноя 28, 2018

Қалалық мәдениет сарайында тұңғыш президент күніне орай «Менің өмірімдегі Ел басының бағдарламасы» деп аталатын мерекелік іс-шара өтті.

Бұл іс-шара Pecha Kucha форматында өтті. Форматқа сәйкес сөйлеуші өз баяндамасын оған бөлінген 360 секундтың ішінде қорғайды. Айта кету керек, мұндай іс-шара біздің қаламызда алғаш рет өткізіліп отыр.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Назерке Аққожинаның айтуынша:

— Басты міндет-балаларға көпшілік алдында өздерін ұстай білуді үйрету, сондай-ақ шешендік қабілеттерін дамыту болып табылады. Спикерлер бар болғаны алты минуттың ішінде аудиторияға ақпаратты жеткізіп, тыңдаушыларға өздері қозғап отырған тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін айтулары керек. Іс-шараға қала колледждерінің шәкірттері, сондай-ақ «Возрождение» неміс облыстық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, залда шу өлшегіш орнатылған, ол көрерменнің көңіл-күйін өлшеп отырған, және оның есептеріне қарағанда, іс-шара жоғары деңгейде өтіп, жақсы әсер қалдырған.