• 26 декабря, 2024

Латын әліпбиімен диктант жаздық

Ноя 14, 2018

Бүгін Қазақстан тарихында елеулі оқиғалардың бірі орын алды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында республика көлемінде алғаш рет латын графикасымен жалпыхалықтық диктант жазылды. Айтулы шарадан Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздар қауымы мен оқушылары да шет қалмай, бір кісідей қатысты.

— Шараның негізгі мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау болғандықтан бұл жұмысқа атсалысуда ұстаздар қауымы алдыңғы лекте тұруы керек деп ойлаймын. Латын әліпбиіне көшу бүгінгі өркениетті дәуіріміздің басты талабы. Сондықтан қоғамда орын алып жатқан өзгерістерден қалыс қалмай, алға қадам баса беруіміз керек. Бүгінгі жалпыхалықтық диктантты жазуға әріптестеріміз бен оқушыларымыздың қызығушылығы жоғары болғанын айта кеткенім жөн. Әрине, жазуда қиындық тудырғаны рас. Дегенмен уақыт өте келе жаттығып дағдыланып кетеміз, -дейді мектеп ұстазы Ұлпан Камбелова

Жарты сағат ішінде «Рухани жаңғыру» тақырыбында жазылған диктант латын әліпбиімен жақынырақ танысудың алғашқы қадамы болды.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі