Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 28 сәуір-5 мамыр аралығындаРеспубликалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапарға барды.
Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, қоғамда түсіндіру жұмысын жүргізу және деструктивті діни идеялардың таралуын алдын алу.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400—ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Өмірханов Мақсат Ерланұлы – Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ директоры, Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы – «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің бас сарапшысы, Ботаханов Мақсат Дүйсенбекұлы — Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ оңалту бөлімінің басшысы, Арман Нұрахметұлы – Астана қаласы әкімдігінің Діндерді зерттеу орталығының теологы.
Түсіндіру тобының мүшелері Абай облысы аумағында әскери мекемелер, мектеп, ЖОО мен колледж базасында болды. Олар халық арасында «Интернет желісіндегі күмәнді сайтардың қаупін түсіндіру», «Рухани келісім – қоғамның басты құндылығы» және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында ЖОО мен колледж студенттері мен мұғалімдері, мектеп мұғалімдері мен оқушылар, спортшылар, медицина мен әскери жұмысшылар, жұмыссыздар және т.б. топтарқамтылды.

