2027 жылға дейін Абай облысы елді мекендерінің 96% жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамтамасыз етіледі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Абай облысы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады.
Облыс орталғында 2027 жылға дейін Кселл, Теле-2 байланыс операторларының базалық станциялары 5G технологиясымен модернизацияланады. Сонымен қатар, Облыстағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдар интернет және байланыс желісімен қамтамасыз етіледі. Биыл Абай ауданындағы Орда елді мекенін Теле-2 байланыс операторының 4G технологиясымен интернет желісіне қосылды. Туристік орындар Кеңгірбай би ауылдық округіндегі Жидебай кешенінде және Қасқабұлақ ауылдық округіне қарасты Бөрлі ауылында антенна-діңгек құрылымының құрылыс жұмыстарын жүргізуге мердігер компания анықталып, құрылыс жұмыстарын бастау маусым айына жоспарланған, — деп атап өтті Абзал Серікұлы.
Спикердің айтуынша, Семей қаласының «Ақылды қала» бағдарламасын дамыту мақсатында Жол картасына сәйкес, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және қалалық процестерді автоматтандыру мақсатында заманауи технологиялар іске асыру бойынша 27 жобаны іске асыру жоспарланған.