15.08.2024 жылдан бастап 31.12.2024 жылға дейінгі кезеңде Семей қаласында бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақы сомаларын төлеу бойынша «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы іске асырылды.
«Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетті. 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 3,2 млрд теңге сомасына 239 175 чек сканерленді (кэшбэк сомасы 74,4 млн теңге есептелді, 48,7 млн теңге төленді). Берілген салықтық есептілік нысандары және бюджетке төленген салықтардың нәтижелері бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылы 148,3 млн теңге қамтамасыз етілді.
Жоба енгізілген сәттен бастап өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда берілген чектер саны 213%-ға өсті. Берілген чектер бойынша тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің жалпы құны – 145%.
Құрметті Абай облысының тұрғындары!
Тауарлар мен қызметтерді қолма-қол ақшамен, төлем картасымен немесе мобильді қосымшалар арқылы төлеген кезде міндетті түрде фискалдық чекті талап етіңіз!
Бұл талап сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғайды және салықтық ашықтыққа ықпал етеді.
Чекті талап етіңіз – өз құқықтарыңызды қорғаңыз.