Құрметті Абай облысының тұрғындары! Тауарлар мен қызметтерді қолма-қол ақшамен, төлем картасымен немесе мобильді қосымшалар арқылы төлеген кезде міндетті түрде фискалдық чекті талап етіңіз!
Бұл талап сіздің тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғайды және салықтық ашықтыққа ықпал етеді.
Чекті талап ету неге маңызды?
- Құқықтарыңызды қорғау: Чек тауарды қайтаруға, айырбастауға немесе шағым түсіруге мүмкіндік береді.
- Бизнестің адалдығы: Чекті бермеу салықтан жалтаруға әкеледі, бұл ел экономикасына теріс әсер етеді.
- Әлеуметтік бағдарламалар: Әрбір соғылған чек — бұл зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді қаржыландыруға қосқан үлесі. ️
Чекті бермегені үшін 20-дан 40 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған!
Сіздің құқықтарыңызды бұзуға жол бермеңіз. Чекті талап етіңіз — адал бизнесті қолдап, мүдделеріңізді қорғаңыз!