Елімізде жедел респираторлы вирустық инфекциялар және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелген.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева баяндады.
Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап, яғни 2024 жылдың 1 қазанынан бастап облыста ЖРВИ-дың 47 мыңнан астам жағдайы тіркелді, науқастардың негізгі бөлігі 54,9 % (25977 жағдай) 14 жасқа дейінгі, оның ішінде 2385 жағдай 1 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Жүкті әйелдер арасында 477 жағдай анықталды. Вирустық пневмониямен 1107 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 877-і 14 жасқа дейінгі балалар. Осы эпидемиялық маусымда COVID-19-ға оң сынамалар анықталған жоқ, тұмаудың зертханалық расталған 50 жағдайы, оның ішінде А(H1N1) типті тұмаудың 40 жағдайы немесе 80 %, В типті тұмауының 10 жағдайы немесе 20 % тіркелді, соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында тұмаумен ауырғандардың жалпы санының үлесі 62% құрады (31 жағдай) — деп атап өтті Айгүл Тоқтабаева.
2024 жылы қызылшамен сырқаттанудың 742 расталған жағдайы тіркелді, 2023 жылы 217 жағдай тіркелген болатын.
Қызылшаның таралуына қарсы тиімді күрес мақсатында халықты қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмыстраы жүргізілді, нәтижесінде жағдай тұрақтанып, өткен жылдың шілде айының ортасынан 2024 жылдың аяғына дейінгі жағдай бойынша облыста қызылша тіркелген жоқ.
Ағымдағы жылдың басынан бері қызылшамен сырқаттанудың 5 расталған жағдайы Семей қаласы бойынша, оның ішінде 1 жағдай 1 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар арасында және 4 жағдай ересектер арасында тіркеліп отыр,-деп атап өтті спикер. Айгүл Тоқтобаевтың айтуынша, 2024 жылы көкжөтелмен сырқаттанудың расталған 55 жағдайы тіркелді, 2023 жылы 6 жағдай ғана тіркелген болатын. 2025 жылдың басынан бастап вакцинациядан бас тартқан 2 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің 1 расталған жағдайы анықталды. Вакцинамен басқарылатын инфекциялар атына сай, вакцинаның көмегімен ғана балаңызды және өзіңізді жұқпалы арулардан қорғай алатын ең тиімді жол, аурудың алдын алудан және асқынуынан сақтайтын спецефикалық профилактикалық шара екендігін атап өтті.
Абай облысының бас инфекционисті Имдат Эфендиев медицина қызметкерлерінің жетістіктерімен бөлісіп, аймақ тұрғындарына аурулардың алдын алуға көңіл бөлуге кеңес берді.
Жақсы жаңалықпен бөліссек, былтыр біз 9 800 науқасты емдедік, олардың ішінде шамамен 8 000-ы – балалар. Ауыр жағдайда түскен барлық балалар қажетті ем алып, сауығып шықты. Атқарылған жұмыс үшін дәрігерлерге шын жүректен алғыс білдіремін. Бұл – сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі, – деді Имдат Эфендиев.
Сонымен қатар, инфекционист өткен жылы өңірімізде қызылша ауруыеа шалдыққандар саны көбейгендігін атап өтті.
Қызылшаға қатысты айтар болсам, өткен жылы бұл ауру пневмония және тыныс алу жеткіліксіздігі түрінде асқынған көптеген жағдайларға әкелді. Дегенмен, ауруханаға түскен барлық науқасқа қажетті емді көрсете алдық. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін вакцинациядан қорқатын ата-аналар бар. Бірақ өз балаңыздың өмірін ойлап көріңіз. Иә, вакцинациядан кейін қызуы көтеріліп немесе ауырсыну сезімі пайда болуы мүмкін. Алайда вакцина салдырмаған жағдайда, егер бала ауырып қалса, оның жағдайы әлдеқайда ауыр болатыны анық, – деді спикер.
Дәрігер жыл сайын балалар мен ересектердің денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретін тұмауға ерекше назар аударды.
Тұмау вирусы өте ауыр ауру, себебі ол қайталама бактериялық инфекцияларға жол аша алады. Пневмония да дамуы мүмкін, ол өздігінен қауіпті әрі балалар үшін өте қатерлі, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Егер балаңыз ауырса, оның қызуы көтерілсе, оны дәрі-дәрмекпен емдеудің қажеті жоқ. Балаға стационарлық ем, соның ішінде вирусқа қарсы терапия қажет, – деп атап өтті Имдат Эфендиев.
Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұмау мен ЖРВИ алдын алудың негізгі шараларын еске салады:
- жеке гигиенаны сақтау;
- қолды жиі жуу керек, егер қолды сабынмен жууға мүмкіндік болмаса, құрамында спирт бар немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдалану;
- халық көп жиналатын жерлерге баруды шектеу;
- мектеп және мектепке дейінгі балалар мекемелеріне ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды жібермеу;
- салауатты өмір салтын ұстану, жеткілікті ұйықтау, құрамында ақуыздар, витаминдер мен минералдар бар мүмкіндігінше көп тағамдарды жеу, физикалық белсенділікті арттыру.
Құрметті Абай облысы тұрғындары, егер қоғамда егілмегендер мен вакцинадан бас тартқандар көбейсе, ұжымдық иммунитет төмендейді, сондай-ақ қоршаған ортада инфекцияның қоздырғышы көбейгеннен күшейіп, ауру адамдар арасында өрши бастайды.
Демек, ҚР әр азаматы қырағылық танытып, жауапкершілікпен халық арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялардың таралуының алдын вакинациялаумен алған жөн!