• 23 ноября, 2024

2024 жылдың 7 қарашасы Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиыны өткізіледі.

Ноя 6, 2024

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталатын болады.

Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысын жабу бойынша шаралар қарастырылған.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарына бағынуды сұраймыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Абай облыстық жедел штабы.