• 16 октября, 2024

«Достық көмек» акциясы: Мақаншы Шекара басқармасының ерекше жандарға арналған саяхаты

Окт 11, 2024

ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Мақаншы Шекара басқармасында «Достық көмек» акциясын жүзеге асырып, Мақаншы ауданы бойынша «Шығанақ» шекара бөлімшесіне ерекше жандармен бірге саяхат ұйымдастырды.

Шығанақ шекара бөлімшесінің әскери қызметкерлері өздерінің күнделікті өмірімен таныстырып, ерекше жандар мен олардың аналарына шекарашылардың маңызды рөлін көрсетті. Көрермендер шекарашылардың қиын да абыройлы қызметін жақынырақ танып, олардың ерлігі мен патриоттық рухына куә болды.

Іс-шараны Мақаншы Шекара басқармасы мен Мақаншы ауылдық округі әкімшілігінің әлеуметтік қызметкері Скакова Зита Тұрарқызы ұйымдастырды. Шара әскери бөлімге саяхатпен басталды. Негізгі мақсаты — ерекше жандар мен ата-аналардың бойына батылдық пен Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, жауынгерлік қызмет пен Қарулы күштер дәстүрі жөнінде ақпарат жеткізу. Күтілетін нәтиже: мотивация алу, тірек білімдерін өзектендіру, білімді жалпылау және жүйелеу, тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Іс-шараның жалғасы Мақаншы Шекара басқармасында Мәдениет үйінде өтті. «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» «Ана» хоры, “ Бақыт тіледім”, “Шапағат” тобының әншісі Жасуланов Әлижан “Көзмоншағым” әнін орындады,өз өнерлерін көрсетті.

«Елім деген ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын» демекші, бүгінгі мерекелік іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді еліміздің өркендеуі жолында отан қорғаушылардың атқарып жатқан игі қызметтерімен таныстыру, Ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ұштау.

Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында.

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы.

Бүгінгі мерекелік іс-шараға өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» таланатты өнерпаздары мен мамандары келіп өз өнерлерін көрсетті. Алдымызда өз өнерлерін көрсеткен болашақтарынан зор үміт күттіретін, өмірге деген құштарлығы мол «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» талантты өнерпаздары мен осындай дарынды балаларды тәрбиелеп, денсаулықтарының оңалуына зор үлестерін қосып жүрген жүректері мейірімге толы, жан – жақты дамыған, сегіз қырлы бір сырлы орталық мамандары.

«Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-сі 2011 жылдың 1 қаңтарында ашылды. Бүгінгі таңда орталықта 56 бала қызмет алады. 8 бағытта арнаулы әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, еңбектік, экономикалық, құқықтық қызметтер көрсетіледі. Мекемеде жалпы 104 адам қызмет етуде. Бүгінгі таңда осы қызметкерлердің түзете-дамыту жұмыстарын жүйелі, кәсіби жүргізуінің нәтижесінде 5 қызмет алушының мүгедектігі алынып, денсаулықтары оңалтылды.

Осындай мерекелік көңіл-күймен, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз. «Үржар балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» директоры – Селиханова Салтанат Қаймолдақызы іс шара соңында құттықтау тілегін білдірді: «Еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы еңбектеріңіз зор. Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Жауапты қызметтеріңізде қашанда табыстан табысқа жете беріңіздер! Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын! Мерейлі күндерде кездескенше сау – саламатта болыңыздар!»