Семей қаласының «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы, облыстық кезеңнің 3 орын иегері Нурахметовтар әулеті референдумға отбасымен бірге қатысып, өз дауыстарын берді.
Отағасы Әли Серікболұлы Нурахметов әскери қызметкер, ал отанасы Құралай Қаликанқызы Нурахметова — ұлағатты ұстаз. Олар 14 жыл бойы бір шаңырақ астында 4 бала тәрбиелеп отыр: 2 ұл мен 2 қыз.
Нурахметовтар отбасы еліміздің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан үлгілі жанұялардың бірі ретінде танылды.