Қазақстан Руспубликасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 8-12 шілде күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапар жасады.
Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда деструктивті діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 22 іс-шара ұйымдастырылып, 500-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Павлодар облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС-нің директоры – Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы, Абай облысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры –Өмірханов Мақсат Ерланұлы, ШҚО, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теологмаманы – Қанапиянов Ернұр Болатбекұлы, Абай облысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы –Ботаханов Мақсат Дүйсенбекұлысекілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Семей қаласыжәне Үржар (Таскескен, Елтай, Бестерекауылдары), Бородулиха (Новопокровка, Дмитриевка ауылдары), мен Мақаншы аудандарын аралап, халық арасында «Діни экстремизмге құқықтық қарсылық», «Деструктивті діни ұйымдардың психологиялық әсер ету тәсілдері», «Радикалды діни ағымдардың құрбаны болма!», «Діни және ұлттық бірегейлік», «Теріс діни ұйымдардың идеологиясынан сақтану» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, жұмыссыз жастар мен өзін-өзі қамтушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.