• 22 ноября, 2024

Қазақстан біздің ортақ үйіміз

Мар 1, 2019

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінде Алғыс күніне арналған «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» атты балалар қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді.

Көрмеде №8 мектеп-кешені мен Семей қаласындағы татар өнер мектебінің оқушыларының жұмыстары көрсетілді.

— Қазақ халқы бауырмал, ақ дариға кең көңіл халық, — деді Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері Нұржан Боранбаев, — еске салсақ, 2016 жылғы 14 қантарда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Шарамызға қатысушы татар балалары шығармашылығын дамыта түспек.Оларды осындай жиындар танымдық қабілеттері мен қызығушылығын арттырғымыз келеді. Музей мен мен мектеп арасындағы байланысты дамыту да біздің басты мақсатымыз.

Музейге қарасты «Абай» өнер мектебінің қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып келеді. Музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева шараға қатысушы Семей қаласындағы №8 мектеп-кешені мен татар өнер мектебінің оқушыларына алғыс білдіріп, жетекшілері Ғабдулхақ Ахунжановқа марапат қағаз табыс етті. Ғабдулхақ Ахунжанов та өз тарапынан қазақ халқына алғысын білдірді. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде сондай-ақ, 1 наурыз – «Алғыс күніне» арналған кітап көрмесі де ашылды.

Іс-шарада татар өнер мектебінің оқушылары қазақ, орыс және татар тілдерінде әндер орындады. Татар өнер мектебінің оқушылары Абайдың бала кезі туралы Евгений Титаевтың сөзіне жазылған, әні Габдулхақ Ахунжанов «Мамины песни, бабушкины сказки» атты өлеңін айтып, татар биін биледі. Жиынға қаладағы колледж студенттері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Марат Айболов