• 24 ноября, 2024

Әкім сайлауы жауапкершілікті арттырады

Окт 13, 2023

Аудан және қала әкімдерін сайлау саяси бәсекелестікті дамытуға және елдің саяси өміріндегі аза­маттық қоғамның рөлін арттыруға бағыт­тал­ған батыл қадамдардың бірі.

Аудан және қала әкімдерін сайлау – азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билік­ке деген сенімі мен әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге, аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында бюджет саясатына кеңірек тоқталған болатын. Жаңа экономикалық үлгіге көшкенде аймақтардың бюджет мәселесіндегі дербестігін арттыру керек екендігі атап өтілген. Бұл тұрғыдан аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беру ұсынысы айтылған. Бұл өз кезегінде жергілікті жердің мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік бере отырып, шағын және орта бизнестің дамуына, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының үлкен серпіліс әкелері сөзсіз.

Экономика ғылымдарының кандидаты Биболат Қуантқан