Қазақстан Республикасының конституциясы еліміздің болашақ дамуына зор ықпал ететін және ел егемендігінің мызғымас кепілі.
Бүгінде Мемлекет басшысы әділетті, өркениетті қоғам құру үшін елімізде саяси, құқықтық реформаларды жүргізіп, әрбір азаматың толыққанды дамуына жағдай жасап отыр.
Біз Ата заңымызға әділдік рухын сіңіре отырып, конституциялық реформа жасадық. Бұл өзгерістер мемлекеттігіміздің тұғырын бекіте түсті. Сонымен қатар еліміздің ұзақ мерзімге арналған демократиялық бағдарын айқындап берді. Биліктің басты институттары қысқа мерзім ішінде мүлде басқаша сипатқа ие болды. Шешім қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысу мүмкіндігі едәуір кеңейді. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығайды. Осының бәрі еліміздің саяси құрылымын орнықты және тиімді етіп қайта құруға септігін тигізді. Барынша әділ, ашық әрі бәсекеге лайық жүйе қалыптасты,- деді Президент.
Мемлекетімізде экономикалық тұрақтылық орнап, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Еліміздің әрбір азаматы білім алып, денсаулықтарын жақсартып, жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалып отыр. Бұл ортақ құндылықтар құқтық қоғам қалыптастырудың негізгі алғышарттары.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін нығайту дамудың маңызды әлеуметтік-саяси міндеттерінің бірі болып табылады. Қазір заңнаманың жаңаруы және тиісті құқық қолдану практикасының жинақталуы жүріп жатыр. Қазақстан азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым міндеттері болып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерік-жігерімен мемлекетте заңдылық пен тәртіп орнап, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр,- дейді Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің эксперті, белгілі құқықтанушы Назигүл Газизова.
Халықтың береке бірлігі нығайтып, тәуелсіздіктің тірегін бекітіп, азаматтардың ортақ құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріп отырған ол Конституция.