• 6 июня, 2025

Өңірде 226 нысан пайдалануға қабылданды

Июн 4, 2025

Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы ағымдағы жылы 320 арыздар мен хаттар қарастырып, оның 273-і оң мәнде шешімін тапқан.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында басқарма басшысы Сайлау Байназаров баяндады.

2024 жылы құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып, тіркеу бағытында жүргізілген жұмыс нәтижесінде 464 өтініш қаралып, оның 193-і мақұлданған. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш артып, 620 акт қаралып, 226 нысан пайдалануға қабылданды. Бұл – аталған бағыттағы бақылау мен рәсімдеу жұмыстарының күшейгенін көрсетеді. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер де жалғасуда. Ағымдағы бірінші жарты жылдың өзінде 15 нысан тексеріліп, 8,99 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 5 нысан сотқа жолданса, жалпы өткен жылы мұндай 37 тексеру нәтижесінде 22 млн теңге бюджетке өндіріліп, 10 нысан сотқа берілген, — деп атап өтті басқарма басшысы.

Сонымен қатар, құрылыс саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында Басқарма құқық қорғау және қаржы мониторингі органдарымен бірлескен бақылау шараларын жүзеге асыруда. Ағымдағы жылы бірлесіп 9 нысанға тексеру жүргізілді. Оның ішінде 4 тексеру облыстық прокуратурамен, 4 – көлік прокуратурасымен, 1 – ішкі мемлекеттік аудит департаментімен өткізілген.