• 2 июня, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент өз мәлімдемесінде Қазақстан балалардың дамуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасап жатқанын атап өтті.

Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.