• 9 мая, 2025

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова мен Венгрия Мемлекеті Парламентінің депутаты, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) баяндамашысы Жолт Немет мырзаның кездесуі өтті

Май 7, 2025

Кездесу барысында тараптар адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету салаларындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Еуропа Кеңесі құрылымдары Қазақстан Республикасына жолдаған ұсынымдарды талқылауға, сондай-ақ оларды қолданыстағы және жоспарланған реформалар аясында іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Тараптар құқық қорғау стандарттарын ілгерілету және құқықтық институттарды нығайту мақсатында институционалдық диалог пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу достық және конструктивті атмосферада өтті.

Қазақстан Еуропа Кеңесімен, соның ішінде ЕКПА желісі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілігін білдіріп, адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерге адалдығын растады.