• 2 мая, 2025

Абай облысында e-Otinish жүйесі арқылы жолданған өтініштер саны артқан

Абай облысы бойынша департаменттің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің бастығы Айбек Мұратұлының айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өңір бойынша азаматтық өтініштер саны 17,9%-ға артқан.

Бүгінгі таңда облыста 21 056 өтініш тіркелсе, өткен жылдың алғашқы тоқсанында бұл көрсеткіш 17 863 болған. Қаралған өтініштердің басым бөлігінде әкімшілік актілер қабылданған. Бірқатар өтініштер бойынша рәсімдер тоқтатылып, кейбірі құзыретті органдарға жолданды, – деді Айбек Мұратұлы.

Өтініштердің 45,6 % жергілікті әкімдіктердің жұмысына қатысты. Азаматтар көбіне салық төлеу, білім беру, сот шешімдерін орындау, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық қызмет мәселелерін көтерген.

Бүгінде департаменттің өзіне 70 өтініш келіп түсті. Оның 52-сі қаралып, 16-сы тиесілі органдарға жолданды. Нәтижесінде 14 прокурорлық ықпал ету актісі қабылданып, 4 тұлға жауапқа тартылды, – деді спикер.