2025 жылғы 28 сәуір күні Көкпекті ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жеке кәсіпкер Виничук Владимир Викторовичтің демеушілігімен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына 80 түп көшет егілді. Оның ішінде: 40 түп — шырша, 40 түп — қайын көшеті.
Бұл іс-шараға Көкпекті ауылындағы Көкпекті орта мектебінің және Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектебінің мектеп бітіруші түлектері қатысты.
Шара барысында Виничук Владимир Викторович мектеп бітіруші түлектерге бұл іс-шараның мазмұнын түсіндіріп, шараға белсенді қатысқаны үшін мектеп түлектеріне естелік сыйлықтар табыс етті.