• 17 марта, 2025

2025 жылдың 18 наурызында Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Мар 17, 2025

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың түрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталуда.

Осы мақсатта автокөлік қозғалысы мен басқа да жағдайларға шектеу шаралары қарастырылған.

Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы.