• 16 марта, 2025

Қазақстанның ядролық болашағы: атом энергетикасы мен ғылымға жаңа серпін

Мар 16, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда атом энергетикасын дамыту мен АЭС салу мәселелеріне тоқталып, ҚР Президенті жанынан ядролық энергетика жөніндегі жаңа агенттік құрылатынын жариялады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Курчатов қаласын еліміздегі екінші ғылыми қалашық ретінде дамыту туралы бастама көтерді. Бұл қадамдар Қазақстанның ғылым мен технология саласындағы әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Бүгін Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы біз үшін басым бағыттар бойынша, соның ішінде аталған саланың маңызды құрамдас бөлігі саналатын атом энергетикасын дамыту мен АЭС салу мәселесі бойынша бірқатар тапсырмаларды атап көрсетті. Сөз барысында

Қасым-Жомарт Кемелұлы ҚР Президенті жанындағы ядролық энергетика жөніндегі жаңа агенттіктің құрылғанын жариялады. Бұл еліміздің атом және энергетика саласын дамытудағы күш-жігерімізді біріктіруге көмектесетін маңызды және заманауи қадам деп санаймын.

Сонымен қатар Президент ұлттық ғылым мен техниканың белсенді дамуына қарамастан, елде ғылыми қалалардың жоқтығына назар аударды. Мемлекет басшысы атап өткендей, тиісті тәжірибесі мен дәстүрі бар Курчатов екінші ғылыми қалашық бола алар еді. Әрине, Курчатов қаласына мұндай мәртебені беру, ең алдымен, қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына жағымды әсер етіп, шағын қалаларға тән бірқатар мәселелерді шешуге көмектеседі, бұл Курчатовтың атом ғылымының орталығы ретінде ғана емес, сонымен қатар адамдардың өмір сүруіне де қолайлы қала болып дамуына жаңа серпін береді.