• 3 марта, 2025

«FOLK&ART» өнер мен шабыттың тоғысқан мерекесі өтті

Семей қаласындағы Р. Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық колледжінде 1 наурыз – Алғыс айту күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «FOLK&ART» өнер фестивалі мен мотивациялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны Абай облыстық Достық үйі өткізді.

Бұл күн – ризашылық пен бірліктің, татулық пен қолдаудың символы. Ел ішінде бейбітшілік пен келісім әрдайым берік орнықсын! – деді Абай облыстық Достық үйі директорының орынбасары Ануар Алдынгуров.

Кездесу барысында жастардың көшбасшылық қабілетін арттыру, жасанды интеллекттің рөлі, ақпараттық сауаттылық пен тұлғалық даму тақырыптары қозғалды. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Тренингтен кейін «FOLK&ART» фестивалі өтіп, ұлттық және заманауи өнер жанрындағы түрлі қойылымдар ұсынылды. Көрермендер дәстүрлі күйлерді, вокалдық және аспаптық шығармаларды, би қойылымдарын тамашалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Алдағы уақытта да осындай бастамалар жалғасады.