Жаз айларынан бастап Абай облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бірнеше рет баспасөз турларын ұйымдастырып, өңір халқын көмірмен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда.
Бұл туралы басқарманың энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің бас маманы Нұр-Ғасыр Жиенбаев баяндады.
Өңіріміз қажетті көмір мөлшерімен қамтылуда. Облыста халықтың көмірге деген жалпы қажеттілігі 567 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күнге дейін 442 мың тонна көмір жеткізілді, бұл қажеттіліктің 78%-ын құрайды. Жылыту маусымына облыстың жылу көздері үшін 595 мың тонна көмір қажет, оның 303 мың тоннасы (51%) қамтамасыз етілді. Барлық жылу көздері нормативтік қормен артығымен жабдықталған. Сонымен қатар, бюджеттік ұйымдарға қажетті 85 мың тонна көмір толығымен жеткізілді, — деді бас маман.
Сондай-ақ, көмір сату пунктерінің саны артқан. 2023-2024 жылғы жылыту маусымында облыста 12 көмір сату пункті жұмыс істесе, 2024-2025 жылғы маусымда олардың қатарына жаңадан 4 пункт қосылып, жалпы саны 16-ға жеткен.
Жылыту маусымының алғашқы кезеңі көмір тапшылығы мен бағаның негізсіз өсуінсіз сәтті өтті. Бүгінгі таңда облыстағы 16 пунктте сатылымда 16 200 тонна көмір бар және сұранысқа байланысты күн сайын толықтырылып отырады. Бұған қарамастан, қатты аяздар мен борандар сияқты құбылмалы ауа-райының салдарынан темір жол тұйықтары мен қоймаларда көмірдің тапшылығын туандатпау мақсатында көмірдің қажетті қорын сатып алуларыңызды сұраймыз. Жылыту маусымның ойдағыдай өтуі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрақты бақылауында болады, — деді Нұр-Ғасыр Жиенбаев.
«Восток Уголь Пром» ЖШС коммерциялық директоры Алмат Арсланбаевтың мәлімдеуінше, көмір кен орнындағы жүк көліктерге көмір босату қоймасы штаттық режимде жұмыс істеуде. Сонымен қатар, сұранысты толық қамтамасыз ете алады.