• 9 января, 2025

Абай облысында пиротехникалық өнімді заңсыз сатудың 45 фактісі анықталған

Янв 9, 2025

Облыс полицейлері мен құтқарушылары өткен мереке күндерін қорытындылады. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірде 123 оқиға орын алған, оның ішінде бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық бар.

Сонымен қатар, ұсақ құқық бұзушылықтар үшін 400-ден астам адам жауапқа тартылған. Бұл күндері көбінесе қылмыстар қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған. Осыған сәйкес 344 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп мәлімдеді облыстық полиция басқармасы.

2024 жылғы 31 желтоқсанда облыс аумағында 6 қылмыс тіркелді, оның екеуі ашылды. Атап айтқанда, алаяқтықтың 4 жағдайы болды. Олардың екеуі Семейде (біреуі ашылды), Жарма мен Курчатовта бір-бір факттан қылмыс орын алды, — деп атап өтті Абай облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Әсет Өтепов.

Сонымен қатар, Семейде денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру оқиғасы тіркеліп, ол істе анықталған. Бұл күндері ұрлық фактісі де орын алды. Құқық қорғау органдарының жеделдігінің арқасында іс ашылып, Үржар ауданында қылмыстық акт толтырылды.

Пиротехникалық өнімді заңсыз сату нүктелеріне рейдтер мереке күндерінен бұрын жасалған. Заңсыз кәсіпкерлерден контрафактілік өнімдер де тәркіленді. Полициямен бірге құтқару қызметінің қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды өткізу орындарын құрықтау бойынша 119 рейд жүргізген.

Рейдтік іс-шаралар барысында заңсыз сауданың 45 фактісі және пиротехникаға рұқсат құжаттарының болмауы анықталды. Кінәлі тұлғаларға 3 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік шара қолданылды, — деп атап өтті Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Әлібек Тұрсынханов.

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, демалыс күндері пиротехникалық бұйымдардан жарақат алу жағдайлары тіркелмеген.