• 22 декабря, 2024

Қасқабұлақ ауылында пәтер кілттері табыс етілді

Окт 24, 2024

Абай ауданы Қасқабұлақ ауылында мемлекеттік тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

«Нұрлы жер» республикалық бағдарламасы аясында 2020-2023 жылдар аралығында ауданда халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдеріне 138 пәтер берілді. Сонымен қатар, 2020 жылы бюджет қаражаты есебінен Қарауыл ауылындағы көпқабатты үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 16 пәтер тұрғын үй кезегіне сәйкес берілді. Барлығы 154 кілт табысталды.

Биыл Абай облысы әкімінің қолдауымен 9 ауылда әлеуметтік осал санатындағы отбасыларға арналған 70 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Салтанатты шарада аудан әкімі Мейіржан Смағұлов тұрғындарды құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті. Шара мерекелік концертпен жалғасты.