«Үздік педагог-2024» республикалық байқауының қорытындысы шықты. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйым педагогтері өз мамандығы бойынша үздік атанды. Республика күні қарсаңында білім беру жүйесінің қызметкерлеріне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім қызметкерлерін марапаттап, оларға қызметтерінде сәттілік тіледі.
Абай облысынан 10 мұғалім қатысып, олардың үшеуі ақтық кезеңге өтті. Айнаш Сапаровна Узбекова – Аягөз ауданы С. Ғаббасов атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Назигуль Хауановна Тлебалдина – Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия, математика пәні мұғалімі, Лариса Оралбаевна Абылкасимова – Рымбек Байсейтов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Үздік педагог» атанды.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі педагог мамандығының мәртебесін көтеру және шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында жыл сайын «Үздік педагог» республикалық байқауын 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Республика бойынша 64 мұғалім «Үздік педагог» атанды. Биыл Абай облысында байқаудың бірінші кезеңіне 48 мұғалім қатысты, ал облыстық кезеңге 16 педагог өтті.