• 6 октября, 2024

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары Республикалық референдумға отбасымен бірге келіп дауыс берді

Окт 6, 2024

Семей қаласының «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы, облыстық кезеңнің 3 орын иегері Нурахметовтар әулеті референдумға отбасымен бірге қатысып, өз дауыстарын берді.

Отағасы Әли Серікболұлы Нурахметов әскери қызметкер, ал отанасы Құралай Қаликанқызы Нурахметова — ұлағатты ұстаз. Олар 14 жыл бойы бір шаңырақ астында 4 бала тәрбиелеп отыр: 2 ұл мен 2 қыз.

Нурахметовтар отбасы еліміздің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан үлгілі жанұялардың бірі ретінде танылды.