• 21 ноября, 2024

«Елімай» ФК референдумда азаматтық борышын өтеді

Окт 6, 2024

6 қазанда Қазақстанда маңызды оқиға – АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтуде. Бұл айтулы шараға қала тұрғындары ғана емес, жергілікті футбол командаларының атынан шыққан спортшылар да қатысты.

«Елімай» футбол клубының ойыншылары азаматтық борышын орындау үшін сайлау учаскелеріне келді. Қарбалас жаттығулар мен алдағы кездесулерге қарамастан, спортшылар ел болашағын айқындаудағы өз дауысының маңыздылығын түсініп, белсенділік танытты.

Бүгін біз спортшылар ғана емес, сайлауға құқығы бар азаматтармыз. Әрқайсымыз ел болашағына үлес қосуымыз керек, – дейді жастар құрамасының ойыншысы Қуаныш Шаймарданов.

Сайлау учаскесіне барлығы 2202 адам бекітілген. Ашылғаннан бері 150-ден астам адам дауыс берді.