• 22 ноября, 2024

Үржар ауданында түсіндіру жұмыстары өтуде

Үржар ауданына қарасты 16 ауылдық округте агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы қызметкерлері, жер қатынастар бөлімі, Мансап орталығының мамандары, Атамекен және Үржар-вет кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Тұрғындар өз кәсіптерін ашып, өтеусіз несие алуға қызығушылық танытты. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 2023 жылы республикалық бюджеттен 2 059,0 млн теңге бөлінген, оның ішінде Үржар ауданы үшін — 583,6 млн теңге қарастырылған.

«Семей» ӘКК агенттігі Үржар ауданында жалпы сомасы 583,6 млн теңгені құрайтын 109 жобалық құжатты қарастырған. Бүгінгі таңда мал шаруашылығын, ара шаруашылығын дамытуды, наубайхана мен цех ашуды қоса алғанда, 108 жоба (581,4 млн теңге) қаржыландырылды.