• 8 декабря, 2024

Сербияда қаза тапқан қазақстандықтардың есімдері белгілі болды

Ноя 10, 2023

«Атамның аманаты» ҚБ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Еуропа аумағында қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөндерін, жерленген жерлерін анықтау жөнінде бірқатар жұмыстар атқаруда. 

Жақында 1944-1945 жылдары Сербия жерінде опат болған отандастарымыздың есімдері белгілі болды. Ұзын-саны Қазақстанның әр түкпірінен шақырылған 198 жауынгер. Олардың барлығы негізінен соғыстың соңғы жылдары ұрыс даласында немесе жарақаттан госпитальдарда көз жұмғандар.          

Бұған дейін Норвегия, Нидерланды, Венгрия және басқа да елдердің топырағы бұйырған қазақстандықтардың аты-жөндерін анықтаған едік. Қазір олардың Қазақстанда қалған ұрпақтары мен туған-туыстарын іздестіруді бастап кеттік. Бұдан бөлек кезінде кескілескен ұрыстар жүрген майдан даласындағы қазба жұмыстары барысында табылған 16 майдангердің сүйектерін елге жеткізіп, әскери құрметпен жер қойнына тапсырдық. Қазіргі таңда Ресейден тағы да 12 отандасымыздың мәйітін туған топыраққа жеткізіп, жерлеуді қамында жүрміз. Біздің қоғамдық ұйымның миссиясын «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген бір ауыз сөзге сыйғызуға болады,- дейді  «Атамның аманаты» ҚБ Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Жоғалған сарбаздардың тізімі:

  • Володик Николай Георгиевич, 1924 г.р.
  • Исаев Кадин, 1923 г.р.
  • Двоелученский Петр Акимович 1926 г.р.
  • Зиньковский Федор Иванович 1913 г.р.
  • Кулиш Петр Семенович 1913 г.р.
  • Лопатин Максим Григорьевич 1905 г.р.
  • Мухаметжанов Рамазан 1920 г.р.
  • Нурикенов Берик хан 1921 г.р.
  • Жеребцев Алексей Анатольевич 1923 г.р
  • Кукеев Жаулыбай 1921 г.р
  • Халиев Омар 1904 г.р
  • Козинцев Григорий Порфирьевич 1919 г.р
  • Митрофанов Григорий Иосифович 1910 г.р
  • Морзобаев Рахмед 1903 г.р
  • Элембиг Морзагум 1899 г.р