Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында еліміздегі атқарылып жатқан шаралардың оңтайлығына , әлеуметтік-экономикалық жағдайының бір қатар жақсы жаққа қарай дамып келе жатқандығына тоқталды.
Сонымен қатар қазіргі уақытта еліміздегі әлеуметтік-экономикалық дамуда күрделі мәселелерге тоқталып өтті. Ел экономикасында маңызды орын алатын кәсіпкерлікті, сыртқы экономиканы, өнім өндірісін дамыту үшін логистиканы дамытқан дұрыс деп атап өтті.
Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында экономиканы дамытудың маңызды бағыты көлік-логистиканы айтқан болатын. Елімізде көлік логистиканы дамытсақ шетелдермен ынтымақтастықты нығайып, сыртқы нарыққа шығу және ішкі сауда жасауда жаңа мүмкіндіктер ашады. Көлік-логистиканы құру арқылы, жаңа кіріс көздерін табуға болады. Тиімді, арзан бағада және жылдам уақытта шет елдің тауарлары келсе, біз өз өнімдерімізді шет елге қолжетімді ұсынатын боламыз. Сонымен қатар елімізде әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етеді, -дейді Абайоблысыныңөңірліккоммуникациялар қызметінің эксперті, экономика ғылымдарының PhD докторы Берік Қадыров.