Аудан және қала әкімдерін сайлау саяси бәсекелестікті дамытуға және елдің саяси өміріндегі азаматтық қоғамның рөлін арттыруға бағытталған батыл қадамдардың бірі.
Аудан және қала әкімдерін сайлау – азаматтардың конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімі мен әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге, аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында бюджет саясатына кеңірек тоқталған болатын. Жаңа экономикалық үлгіге көшкенде аймақтардың бюджет мәселесіндегі дербестігін арттыру керек екендігі атап өтілген. Бұл тұрғыдан аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беру ұсынысы айтылған. Бұл өз кезегінде жергілікті жердің мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік бере отырып, шағын және орта бизнестің дамуына, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының үлкен серпіліс әкелері сөзсіз.
Экономика ғылымдарының кандидаты Биболат Қуантқан