• 27 июля, 2024

«Саламатты Қазақстан» пойызы Шар қаласына келді

Июн 6, 2023

Абай облысының Жарма ауданына қарасты Шар станциясына «Саламатты Қазақстан» медициналық поезі келді.

Дәрігерлер бригадасы аудан тұрғындарын қабылдау жүргізді. Дәрігерлердің қатары білікті терапевт, хирург, стоматолог, уролог, гинеколог, лор дәрігері, кардиолог сияқты мамандардан жасақталған. Сонымен қатар жармалықтар мұнда заңгерлік — консультациялық және медиаторлық көмек ала алады.

Аталған медициналық поезін қала тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алды. Сонымен қатар, қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Әлеуметтік жобаның мақсаты-Қазақстанның ең шалғай бұрыштарындағы халықтың әртүрлі топтарына жан-жақты медициналық және өзге де көмек көрсету.