• 22 ноября, 2024

Семейде коммуналдық қызметтерге Бірыңғай төлем құжаты енгізілуде

Фев 1, 2023

Ақпан айының басында қала тұрғындары жыл, су және қоқыс шығару бойынша қаңтар айының коммуналдық қызметтері үшін алғашқы алғашқы түбіртектерін ала бастайды.

«Ақылды» қала бастамасын жүзеге асыру аясында Семей қаласында коммуналдық қызметтер үшін Бірыңғай төлем құжаты жүйесі іске қосылды.

Мұндай жүйелер еліміздің кейбір облыс орталықтарында қазірдің өзінде қолданылуда.

Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Болат Абдралиевтің айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында Семей қаласының әкімдігі байқау қорытындысы бойынша «ЕРЦ-Сервис» ЖШС-мен шот-түбіртектерді қалыптастыру, басып шығару және жеткізу қызметтерін көрсету бойынша келісімшарт жасасқан.

Болашақта бұл қызметке телевидение, домофондар, ПИК секілді қызмет көрсету ұйымдары және өзге де қызмет түрлері қосылуы мүмкін.

Әрбір абонентке жаңа бірыңғай жеке шот тағайындалады, бұл ретте ескі жеке шот жарамды болып қала береді және қайта келісімшарттарға отырудың қажеті жоқ.

Қазіргі уақытта Kaspi.kz қосымшасы, Kassa24 терминалдары арқылы, сондай-ақ Қазпошта бөлімшелерінде және басқа да екінші деңгейлі банктердің кассаларында төлем жасау мүмкіндігі бар. Жақын арада басқа банктердің қосымшалары арқылы төлеуге болады.

– Бұл жаңа жүйе емес, қазірдің өзінде бірнеше облыста іске жұмыс істеп тұр. Мұндай жүйенің ерекшелігі – әртүрлі қызмет түрлері үшін бірнеше түбіртекті өзіңізбен бірге алып жүрудің керегі жоқ. Қазір бұл қажеттілік жойылды. Әрбір абонентке жеке шот беріледі, бұл ретте бұрынғы жеке шот өз күшін сақтайды және келісімшарттарды қайта қараудың қажеті жоқ, — деп атап өтті Болат Абдралиев.

Бұдан басқа, жақын арада сатып алу-сату кезінде, меншік иесі туралы деректердің өзгеруі, тұрғындардың құрамының өзгеруі бірыңғай төлем құжатында көрсетілген барлық коммуналдық қызметтерді жеткізушілер бойынша бір терезе қағидатымен «ЕРЦ-Сервис» ЖШС абоненттік бөлімінде жүзеге асырылатын болады.

«ERC-Service» ЖШС абоненттік бөлімі Семей қ., Достоевский көш. 110 мекенжайында, 10 кабинетте орналасқан. Абонемент бөлімінің телефоны 35-39-89. Жұмыс уақыты дүйсенбі-жұма аралығында 08:00-ден 17:00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі