Реалии дня

Біз біргеміз!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап, бүгінге дейінгі күрделі кезеңдерде отандастарымызды ортақ мүддеге жұмылдырған ұлт көшбасшысы деп білемін.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап, бүгінге дейінгі күрделі кезеңдерде отандастарымызды ортақ мүддеге жұмылдырған ұлт көшбасшысы деп білемін.

Күні кеше жарыққа шыққан «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жоғарыда айтылған сөзімнің дәлелі болса керек. Қатардағы Қазақстан Республикасының азаматы және тәңірдің тартуы тәуелсіздіктің құрдасы ретінде аталған мақаладан түйген ойымды өздеріңізбен бөлісуді жөн санадым.

Иә, Елбасы мақаласында айтылғандай 90- жылдардың басында болған қиындықтарды көзіміз көрмесе де, кейіннен құлағымыз естігеніміз бар. Ал бүгін тәуелсіз Қазақстанның алтын ғасырында өмір сүріп жатқан біздің буын жастары бақытты ұрпақ деп санаймын. Себебі біздің бүгінгі күнімізді кешегі күрделі кезеңдермен салыстыруға мүлде келмейді.

Осы орайда Елбасымыздың мақаласында болашақ ұрпақ, тәуелсіздіктің құрдасы жастарға арнайы айтып өткен сөзіне тоқталғым келеді. Біз сіздердің болашақтарыңыз үшін қолымыздан келгеніңше қажыр қайратымызды, күш жігерімізді жұмсадық. Ендігі кезек сіздерде,- дейді. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып, жаңа әлемдегі Қазақстанды жолға салуда біздің иығымыздағы жауапкершілік жүгі жоғары екендігін мен сезіндім, және барша замандастарымызға, құрдастарыма жеткізгім келеді. Мақала барысында Елбасы зиялы қауым өкілдерінен бастап, кәсіпкерлерімізге де үлкен өзінің айтар ақсақалдық ақылын жеткізді. Мемлекет тарапынан барлық қолдау көмектерін жұмсады. Ендігі кезек сіздерде деп, баршамызға үлкен сенім білдірді.

Қадірлі достар! Осындай қиын кезеңде береке бірлігімізді, баянды тату тірлігімізді көрсетіп, сіз болып, біз болып, бірге жеңуіміз керек.

Елбасымыз айтқанда Абай атамыздың өсиетін ойымыздан шығармай, жастық жігерімізді, ақыл-ойымызды, еліміздің ертеңі үшін пайдалануға шақырамын.

Олжас Согымбай