• 22 ноября, 2024

Жастар әдебиет алыптарына арналған көрмені тамашалады

Дек 18, 2019

Осыдан 80 жыл бұрын Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев пен ақын Фариза Оңғарсыновалар дүниеге келді. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық музейінде жазушы Әбіш Кекілбаев пен ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Аталған көрмені қаламыздағы оқу орындарының студенттері мен жастары және қала тұрғындары тамашалады.

Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әбіш Кекілбаев және қазақтың ақын қызы, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған осы бір тамаша кітап көрмесінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар толық қамтылған.

Сол сияқты Абай атындағы кітапхана да Жастар жылында жастарға үшін жазушы Әбіш Кекілбаевтың бірқатар шығармаларын ұсынды. Әбіш Кекілбаев – адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады.

Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді. Жазушының бірқатар еңбектерін Абай атындағы әмбебап кітапханасының қорынан оқи аласыздар, деді кітапхана қызметкерлері.

Раушан Қабжанқызы