• 12 октября, 2024

Бүгінгі күннің батырлары

Июл 21, 2019

Биылғы жылдың 10 мамыры күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзенінің бойында 12 жасар қыз итін құтқармақ болып суға түседі. Сол сәтте өзен жағасында балық аулап отырған ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшісі Ерлан Райымқұлов қызды көріп қалып, өз өміріне төнген қауіпке қарамастан қызды жағаға шығарып үлгереді де, өзі сол бойы суға кетті. Ерланның артында әйелі мен екі баласы қалды. Әуе қорғанысы күштері отбасына Ерланның жанқиярлық ерлігі мен батылдығы үшін медаль табыстады.

Сын сағатта, дәл осындай жігіттер өзгелерге қол ұшын созудан қашпайды. Өкінішке орай, Ерлан қазір арамызда жоқ. Дегенмен, біз басқа адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған жандардың ерліктері жөнінде өскелең ұрпаққа айтып, еске алып жүруге тиіспіз.