Семей қалалық полиция басқармасы қызмет бабында жүріп қайтыс болған әріптестерінің жанұясын, артында қалған балаларын еш уақытта назардан тыс қалдырып көрген емес.
Жыл бойын мереке қарсаңында басқармада өткізілетін іс-шараларға шақырып, бағалы сыйлықтар беріп, басқа да әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдеседі.
Міне, осындай шаралардың бірі 1 мамыр Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында Кадр саясаты бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен балаларды “Қазына” кинотеатрына апарып, “Алладин-семейный” фильмін тамашалатты.
Олар өздеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлаған полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтты.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметі