• 26 апреля, 2024

Ерліктері ел жадында мәңгілік

Фев 11, 2019

Семей спорт академиясында облыстық «Спорттық және жауынгерлік самбо» Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 30 жылдығы, интернационалистік борышын өтеуде қаза тапқан жерлестерді еске алу мақсатында самбо күресінен облыс чемпионаты өтті.

1999 – 2000 жылы туған жастар арасында өткен облыс чемпионатында ұлдар және қыздар 10 салмақ бойынша боз кілемнің көрігін қыздырды. Жарыстың ашылу салтанатына қатысқандар Ауған жерінде қаза тапқан жерлестерімізді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің Семей қаласындағы төрағасы Боранбай Бегатовтың айтуынша, бұл соғыста бұрынғы Семей облысынан 1100 адам қатысса, оның 44-і сол жақта көз жұмып, 2 жауынгер хабар – ошарсыз кеткен.

Сондай–ақ Ауған ардагерлеріне қатысты әлі де шешімін күткен мәселелер де бар көрінеді. Соның бірі – Ауған соғысы ардагерлерінің мәртебесі. Мәрте айқындайтын құжат Парламенттің төменгі палатасының қарауында көрінеді.

Ал жарысқа қайтып оралсақ. Жарыстың бас төрешісі, самбо күресінен ШҚО бойынша аға жаттықтырушы Біржан Имаханов бірінші және екінші орын алған балуандар 7 – 11 наурыз аралығында Алматы қаласында өтететін жастар арасындағы ел чемпионатына жолдама алатынын айтады.

Семей спорт академиясының баспасөз қызметі