Семейдегі «Тарлан» спорт кешенінде армиялық жекпе-жек шайқастан «Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері арасында жыл сайынғы дәстүрлі турнир өтті.
Турнир жылдағыдай «Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының Кубогына арналды. Турнирге салауатты өмір салты мен спортты серік еткен 20 команда мен 154 спортшы қатысты. Олар 8 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Қазақ халқын спортқа ерекше мән берген. Дүниеге келген әр ұл бала, өміріміздің жалғасы, байлығымыз болумен қатар ел қорғаны-сарбаз болуға ұмтылады. Осы балалар нағыз жауынгер болу үшін не істеу керек?
Ең бірінші оның денсаулығын күту керек, спортпен айналысуға жағдай жасау керек. Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» стратегиялық жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты» тармағында: азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта әсіресе әскери салады жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты мақсат етіп отыр.
— Бүгін «Тарлан» спорт кешенінде әскери қызметтің беделін арттырып, мәртебесен биіктету мақсатында армиялық жекпе-жектен сайыс өтіп жатыр,- деді «Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Исламбек Қалдыбеков, — бұл спорт түрі салауатты өмір салтын насихаттайды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының Кубогы болғандықтан да әр спортшы сарбаз соған лайық болуғы тырысады. Жарыстың төрешілері қаладағы негізінен тәуелсіз спортшылар. Бұл жарыста әскери бөлімдерден іріктеліп алынған спортшылар және спорт клубтарында армиялық жекпе-жекпен айналысатындар да қатысып жатыр. Қазіргі міне, полиция басқармасынынан да келіп команда қатысуда. Турнир екі күнге созылады.
Исламбек Қалдыбековтың айтуынша, спорттың жекпе-жек түрі спорт мамандары тарапынан шынайы өмірде қарсыласын жеңудің ең тиімді түрі ретінде өз бағасын алған. Жекпе-жек өнерінің қолайлы әдістерін жинақтаған бұл спорт түрі көбіне Қарулы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында дәріптеліп, тамаша меңгеріледі.
Марат Айболов