• 13 октября, 2024

«Достастық жауынгері»

Янв 18, 2019

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әрқашан биік мәртебеге ие. Әсіресе, «Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағановтың басшылығымен көптеген игі шаруалар Семей өңірінде де атқарылуда.

Қазіргі жаһандану заманында қарулы қақтығыстардың өзгеруіне байланысты әр елдің қарулы күштеріне деген қойылатын талаптар да өсіп жатыр. Соның бірі халықаралық деңгейде өткізілетін «АрМИ-2019» халықаралық әскери жарыстары.

— Еліміздің бұл жарыстардағы орны ерекше, себебі «АрМИ-2018» жарыстарында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жалпы командалық есеп бойынша міне, мәртебелі үшінші орынға ие болып отыр, — деді аға сержант Меруерт Құрманғажина, — 2019 жылы өткізілетін әскери жарыстарға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 10810 әскери бөліміне қарасты бөлімшелері арасынан іріктеу жарыстарын өткіздік. Үздік аталған төрт әскери қызметшіден тұратын құрама командасының мамандарын дайындаудамыз. 2019 жылы әскери қызметкерлер арасындағы әскери-кәсіби даярлық Армения республикасының аймағында өтеді.

Биыл қаңтар айының 7-27-сі күндері аралығында әскери бөлімдердің сайыскерлері келесі кезеңдер бойынша дайындықтарын шыңдап жатыр. Атап айтсақ, «Атлет» әскери-спорттық, «Профессионал» әскери-кәсіби, «Мерген» жауынгерлік дайындық сайысы,«Кавалер» («Сударыня») әдеби – шығармашылық, би сайысы, «Эрудит» әскери тарихты білу сайысы.

Сайысқа қатысу үшін төрт әскери қызметкерден құралған топ дайындалады, соның ішінде біреуі әйел адам болуы керек екен.

Осыдан біраз бұрын еліміздегі Құрлық әскерлері әскери институты мен радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының 4 курс курсанттары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімдерінде әскери тағылымдамадан өткен еді. Бұл да болса «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының озықтығын көрсетеді, дейді Меруерт Құрманғажина.

— Әскери тағылымдаманың мақсаты – әскери институтта алған теориялық білімдерін және практикалық машықтарын мамандықтары бойынша шыңдау, жүктелген міндеттерін әскери бөлімдерде өз еркімен орындауға дайындау болып табылады. Бұл тағылымдама маған және менің курстастарыма взвод командирі ретінде, жеке құраммен жұмыс атқару үшін өмір мектебі болды. Әскери тағылымдама барлығымыз үшін пайдалы, себебі біз осында аға офицерлік буынның тәжірибесін үйренеміз, білімімізді толықтырамыз, — дейді Құрлық әскерлері әскери институтының 4 курс курсанты Эльдар Есетов.

Тағылымдама барысында курсанттар бөлімшелерді басқарудағы лауазымдық міндеттерін атқару, бағыныстыларын оқыту және тәрбиелеу жайлы ақпарат алды. Жауынгерлік, техникалық, моральды-психологиялық және тылдық қамтамасыз ету бойынша іс-шараларын ұйымдастырудың қыр-сырын меңгерді.

 

Марат Айболов