• 23 ноября, 2024

Облыстың Бас жоспары бекітілуде

Янв 15, 2019

Шығыс Қазақстан облысында қалалар мен аудандардың сәулеті мен құрылысы туралы Бас жоспар бекітілуде. 2020 жылы ШҚО-ның елді-мекендері жаңа кейіпке енбек.

Қалаларда көліктер тұрағы пен жаяу жүргіншілер жүретін жолдар көбеймек. Велосипедпен жүруге арналған жол, тұрғындардың демалысына арналған деалыс орындары мен саябақтар да қарастырылып жатыр. Осының барлығы тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Жол картасының әр кезеңі бойынша ШҚО елді-мекендеріндегі құрылыстар мен болашақ әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы үшін Бас жоспарды орта мерзімде 2020 жылға дейін қайта қарастыру және түзеу» атты қаулыны қабылдады. Осыған орай 2019 жылы облыста 45 елді-мекен, 2020 жылы 404 елді-мекеннің даму жүйесі анықталмақ.

Өткен жолы жергілікті бюджеттен облыстың аудандары мен қалаларын қалыпқа келтіру үшін 150 млн теңге Семей, Глубокое, Көкпекті, Күршім, Шемонаиха аудандары мен қалалары үшін, сондай-ақ, Зайсан ауданындағы Кеңсай ауылының құрылысы үшін берілген еді. Семейдегі тұрғын үйлері бар «Ақсай», «Ұшақтар», «Комсомольский» шағын аудандары үшін және Алтай қаласындағы 10 шағын аудан үшін жеке жер үй салып алуға жобалар қарастырылды.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша Бас жоспар негізінде «Нұрлы жер» бойынша қанатқақты жоба Семейдегі Ақсай шаңын ауданында қолға алынған. Бұнда 60 жер телімі бар. Биыл 60 жер телімінің 50-іне 80-120 шарш метрлік коттедж үйлер салынады. Коттедж үйдің 1 шаршы метрі-120 мың теңге, жылдық 5 пайыздық несиемен берілмек. Алғашқы тұсаукесер ретінде үш үй тұрғызылған, қазірде ішкі сылақ жұмыстары жүріп жатыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыспен «Сәт Транс» ЖШС, «Өркен» ЖШС және шифер зауыты айналысып жатыр. Ақсайда тұрғызылатын үйлер «Нұрлы жер» арқылы болғандықтан бұл жерде 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы арқылы жоба қарқынды түрде қолға алынған. Осының барлығы Бас жоспарға міндетті түрде енгізілмек.

Осылайша биыл облыстың аумағындағы қалаларды кешенді түрде жоспарлау үшін нақты жоба әзірленген.

— Жыл сайын жағдай өзгеретіндіктен, біздің әлемдік деңгейде тәжірибеміз барлығы да жақсы болды, Бас жоспар мәселесіне облыс әкімі Даниал Ахметов ерекше назар аударып отыр,-деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Айтмұқашев, — облыстағы аудандар мен қалалардың Бас жоспарларын қайта қарауымыздың себебі халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту қажеттігінен туындап отыр.

Облыста 724 елді-мекен бар. Оның ішінде 10 қала, 714 ауылдық жерлер. Тек бұлардың 254-і ғана Бас жоспарлары бар болып шықты. Ал жаңадан бекітілгені тек 10 қала мен 89 елді-мекенді ғана қамтыған. Әкім орынбасары ШҚО аудандары мен қалаларының бірыңғай сәулетті жобасын жасауды қала әкімдеріне тапсырды.

Марат Айболов