• 6 июля, 2022

2019 жыл-Жастар жылы.

Янв 8, 2019

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 2019 жыл – Жастар жылы аясында Семей мемлекеттік медициналық университеті мен қаладағы медицина колледждері студенттерінің қатысуымен «Қазақстанның болашағы – жастар» атты ашық микрофон өткізілді. Шараның мақсаты адамгершілік-патриоттық тәрбие, жастардың шығармашылық, ғылыми, кәсіби әлеуетін дамыту болып табылды.

Шара басында кітапханашы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2019 жылды – Жастар жылы деп жариялағанын атап өтті.

Жастардың өзін-өзі жүзеге асырып, алға жылжыту үшін үлкен мүмкіндіктер ашылғаны, Қазақстанға білімді, креативті, сенімді жастар, яғни өз Отанын дамыту үшін қызмет етуге дайын болашақ көшбасшылар қажет екендігі баса айтылды.

Айта кету керек, осыдан біраз ғана бұрын облыс əкімі Даниал Ахметов Д. Қалматаев атындағы медициналық колледжінің жатақханасын ашып, жастар игілігіне берді. Колледждің басқа жақтан келген студенттері үшін жатақхананың ашылуы – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын іске асырудағы маңызды қадам. Онда Елбасы «Білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкес құру кезінде білім алу мен студенттердің өмір сүру жағдайына назар аудару керек» дей отырып мемлекет жастарға қамқорлық жасау керектігін айтқан.

Бүгінгі күні Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінде 1300-ден астам студент оқиды, олардың жартысы Республикамыздың басқа қалаларынан келген жатақханаға зәру студенттер.

Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің 90 жылдық тарихы бар. Осы уақытқа дейін 40 мыңнан астам түлектерді шығарған оқу орны. Соңғы жылдары мұнда көптеген жағымды шаралар өтуде. Бұл оқу корпусы үшін облыс әкімдігінің қолдауымен ғимараттың бөлінуі, колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша белсенді жұмыстардың басталуы және жаңа заманауи тренажерлар, манекендер орнатылды. Колледж халықаралық ынтымақтастыққа үлкен мән беруде. 2018 жылдың ақпан айында колледж институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті, сонымен қатар Жоғарғы колледж мәртебесіне ие болды. Соңғы 3 жылда колледж студенттері мен оқытушылары түрлі деңгейдегі жарыстарға бірнеше рет қатысты, жеңімпаз атанды.

Орталықтындырылған кітапхана жүйесіндегі шара барысында студенттер: «Біз бүгінгі жастардың бойынан қандай қасиеттерді көргіміз келеді? Біз іздеген қасиеттер қазіргі жастардың бойында бар ма?» деген мазмұндағы көптеген сұрақтарға өз ой-пікірлерін білдірді.

Марат Айболов