• 30 мая, 2024

Барлығына арналған сыйлықтар

Дек 30, 2018

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов 30 желтоқсан күні  қаладағы бірнеше балаларға арналған мекемені аралап, оларды жаңа жылымен құттықтады, деп хабарлайды қала əкімінің баспасөз хатшысы Роллан Кемербай. Оның ішінде «ШҚО, Семей қаласының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» да бар. Орталықта 349 балаға денсаулығына байланысты көмектер үйінде көрсетіледі. Ал 35 бала орталықта күндіз келіп, оқып, тәлім алады. Орталықтың жай-күйін сұраған қала әкімі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Бұдан кейін әкім Ермак Сәлімов ШҚО Білім басқарамасына қарасты кәмелетке жасы толмағандарды бейімдеу  орталығына барып, өмірдің қиындығына тап боған балалардың жағдайын көрді. Бұнда үй-күйсіз жүрген әрі ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар  орналасқан. Балалар қала әкіміне өздерінің арман-тілектерін айтты. Бұдан соң Ермак Бидахметұлы әкім орынбасары Надежда Шаровамен  және білім бөлімінің басшысымен бірге ШҚО Білім басқарамасына қарасты № 8 балалар үйіне барды. Бұнда директор С. Оқасовтың айтуынша, 70 бала тұрып жатыр. Балалармен кездесіп, мекеменің  тыныс-тіршілігімен танысты.

Бұдан кейін қала әкімі келесі кезекте ШҚО «Қызы жарты ай» қоғамы ауруханасына барып, бұнда жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Ауруханаға не қажеттігін есепке алды. Қызыл жарты ай қоғамына қарасты  аурухана науқастарымен жүздесіп, олардың талап-тілектеріне назар аударды. Жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

Фото Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

Марат Айболов