• 7 июля, 2022

Кембағал жандарды ауқаттандырды

Ноя 26, 2018

Қазіргі уақытта қараусыз қалған қарттар, үй-күйі жоқ қариялар қоғамда бары рас. Семей қаласындағы Жастар ресурстық орталығының маманы Думан Кенжеғазиннің айтуынша Шәкәрім университетінің табалдырығын енді ғана аттаған 1 курс студенттері,  Халықаралық студенттер күні қарсаңында «Жақсылық жасап жарысайық» науқанын өткізді.

-«Жас Отан» жастар қанатының қатарына қабылдана отырып, қайырымды істің бастамашысы бола білген белсенді жастар қаламыздағы жағдайы жоқ 100-ге тарта тұрғынына ыстық шәй мен тәтті тағамдар және жеміс-жидектер тарту етті,-дейді Думан Кенжеғазыұлы,- белсенді жастар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің студенттеріне бұл шараны жалғастыру үшін эстафета ретінде жолдады.

Марат Айболов