• 29 июля, 2021

Ұлттық ән-күйлер антологиясының дискілері шықты

Ноя 23, 2018

Астанадағы Еуразия ұлттық университеті мен Отырар кітапханаларында 25 қараша күні сағат 11.00-де алғашқы тұсаукесері өтпекші. Бұл алғашқы диск Сарысу ауданы тарихынан бастау алса да, алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлері де қосылса деген игі тілек бар дейді бастамашы топ.

Жоба кеңесшісі – Жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты Илья Жақанов. Жоба продюсері, идея авторы – ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепберген.

– Қарт Қаратау – ұлтымыздың тағдыр талайына талай мәрте куә болған тарихы терең өлке. Осынау өлкеден бастау алған рухани байлығымызды көпке паш етіп, қазақтың рухани мұрасын насихаттау мақсатындағы Жамбыл облысы Сарысу ауданының асыл мұра – ән, күй қазынасын барынша мол қамтыған мұндай антология еліміз бойынша аудандық деңгейде тұңғыш рет шығарылып отыр, – деді Болатбек Толепберген.

«Сарысу өңірінің музыкалық мұрасы» аталатын 8 дискіден тұратын СД жинаққа Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған халық композиторлары мен қазіргі заман сазгерлерінің шығармалары, осы өңірде көп орындалатын халық әндері мен есімі елге таныс әнші, күйшілері еніп отыр. Таратып айтсақ: Бесігін ән тербеген Қаратау – саусағынан саз төгілген дәулескер күйшілердің де мекені. Қарт Қаратаудың қойнауы Қорқыттан қалған сарынды жаңғыртып, Ықыластай ұлы күйшімен халқының құлағын классикалық қобыз күйлеріне қандырған жер. Сондықтан, І дискі дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлының күйлеріне арналып, радиохабарлар берілді.

Қара домбырасымен ел тарихын шежіредей сарнатқан Сүгір күйлерінен бастау алып, дәстүрдің жалғасы іспетті күйлердің таңдаулы нұсқалары Сарысулық күйшілердің орындауларында «Сарысу күйшілері» деген атаумен IІ дискіге енді. Және мұнда Сарысулық күйшілердің шығармашылық портретін ашатын радиохабарлар да берілді.

Сарысу өңірі – ежелден тарихи, мәдени-рухани мұралардың қайнар көзі ғана емес, талай таланттарды тудырған – алтын бесік. Сарысудан шыққан композиторлар мен әншілер есімі бұл күнде алты алашқа мәлім. Осы орайда, Сарысу өңірінен шыққан, қазақ өнерінде қайталанбас қолтаңба қалдырған композиторлар Илья Жақанов пен Тынышбай Рахым әндері III, IV дискілерге топтастырылып, біртуар әншілер: Амангелді Сембин мен Сәуле Жанпейісованың орындауындағы шығармалар V-VI дискілерге жинақталды. Ал «Сарысу композиторлары мен әншілері» атты VІІ-VІІІ дискілерге Сарысу өңірінің талантты өнерпаздарының шығармалары енгізілді.

Бұл 8 дискіден тұратын СД жинақ – асыл қазынамызға жанашырлық танытып, жарыққа шығаруға демеушілік жасаған Сарысу өңірінің тумасы, ҚР Президентінің «Парыз» байқауының жүлдегері, белгілі меценат, кәсіпкер Жеңіс Бөрібекұлы Тоғызақбаев.

Марат Айболов, фото Болатбек Төлепберген