• 29 июля, 2021

Жас сарбаздар алғашқы рет қарудан атты

Ноя 23, 2018

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне күз айында шақырылған әскери қызметін өтеуші сарбаздар, алғашқы рет жауынгерлік даярлық сабақтарына қатысып, АКС-74 қаруынан атып көрді.

Жас сарбаздар бірінші күннен бастап жақсы нәтиже көрсетті. Себебі бөлімше командирлері өз үлгісімен оқу және ату жаттығуын орындап, қаруды қалай тиімді әрі сапалы пайдалануды үйретті.

Қарағанды облысынан шақырылған, мерзімді әскери қызметшілер қатардағы Густаф БЕТКО мен қатардағы Жастөре ЕЛТАЙ, АКС-74 қаруымен төртінші бақылау-атыс жаттығуын орындап, 85 және 87 ұпай алды.

Сонмен оқу-атыс жаттығуларының қорытындысы бойынша үздік нәтижеге шықты.

– Калашников автоматынан алғаш рет атқан сарбаз үшін, бұл керемет нәтиже. Оларда жақсы әскери қызметшінің потенциалдары бар, – деп атап өтті, оқу-ату жаттығуының жетекшісі, капитан Ербол НУСИПБЕКОВ.

Жас сарбаздар әскери қызметті үлкен қызығушылықпен үйреніп жатыр, олардың командирлері сабаздарға әскери ғылым мен бойларындағы тәжірибелерін барынша жақсы жеткізуге тырысуда. Бір жыл әскери қызмет атқарғаннан кейін бұл жігіттер келісімшарт бойынша әскери қызметші ретінде Қазақстан Қарулы Күштері қатарында әскери қызметін жалғастыруы әбден мүмкін.